Құпиялылық саясаты
1. Меншік иесі және оператор
EcoCashback мобильдік қосымшасы мен сайты (бұдан әрі — Платформа) Пайдаланушыларының дербес деректерінің меншік иесі және операторы — «EcoCashback» ЖШС, БСН 241240030129 (бұдан әрі — Әкімшілік, «біз»); деректемелер — 11-бөлімде. Терминдер Пайдаланушы келісімінде айқындалған мағынада қолданылады.
2. Біз қандай деректерді өңдейміз
- Аккаунт: электрондық пошта мекенжайы, авторизацияға арналған деректер, рөл, тіл; Google немесе Apple арқылы кірген кезде — аккаунт идентификаторы және электрондық пошта мекенжайы, оның ішінде Apple-дың жасырын мекенжайы (профильдің аты мен фотосуреті сақталмайды).
- Профиль: тұлға түрі, аты немесе атауы, байланысатын тұлға, телефон, өңір, мекенжай, БСН/ЖСН (ЖК және заңды тұлғалар үшін), фотосурет немесе логотип; Орындаушы үшін — сондай-ақ жұмыс өңірлері мен санаттары және профильді тексеру нәтижесі.
- Өтінімдер мен Ұсыныстар: сипаттама, санат, саны, мерзімдері, байланысуға арналған мекенжай мен телефон, фотосуреттер, шарттары мен бағасы.
- Өтініштер: шағымдар, апелляциялар, қолдау қызметіне өтініштер және наразылықтар.
- Техникалық деректер: IP-мекенжай, кірулер, құрылғы және қосымша туралы мәліметтер, құрылғы идентификаторы және хабарламалар баптаулары.
- Құжаттарды қабылдау: құжат, редакция, күні, уақыты және IP-мекенжайы.
Біз геолокацияны, телефондағы контактілерді және төлем деректерін жинамаймыз; фотосуреттердің метадеректері, оның ішінде түсірілген орны, жүктеу кезінде жойылады.
3. Мақсаттар мен негіздер
Мақсаттар: Аккаунтты жүргізу; Өтінімдер мен Ұсыныстарды орналастыру және тараптарды байланыстыру; Орындаушыларды тексеру; хабарламалар; модерация, шағымдар мен апелляцияларды қарау, алаяқтықтан қорғау; өтініштерге жауап беру; заңнама талаптарын орындау және құқықтарды қорғау. Негіздер: келісім (4-бөлім) және Қазақстан Республикасының заңнамасы келісімсіз өңдеуге жол беретін жағдайлар.
Біз дербес деректерді жарнама үшін пайдаланбаймыз, оларды сатпаймыз және профильдеуді қолданбаймыз; қосымшада және сайтта Әкімшілік жарнамалық сервистерді және мінез-құлық аналитикасы сервистерін пайдаланбайды.
4. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
4.1. Келісімді Аккаунтты тіркейтін тұлға тіркелу кезінде жеке белгі арқылы береді: «Құпиялылық саясатына сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісім беремін». Келісім беру фактісі және Саясаттың редакциясы тіркеледі.
4.2. Келісім бере отырып, Пайдаланушы «EcoCashback» ЖШС-ке 2-бөлімдегі деректерді 3-бөлімнің мақсаттарында жинауға, жазуға, жүйелеуге, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, бұғаттауға, иесіздендіруге, жоюға және құртуға, сондай-ақ оларды басқа Пайдаланушыларға (5-бөлім) және қызмет жеткізушілерге (6-бөлім), оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге беруге рұқсат береді. Деректер жалпыға қолжетімді дереккөздерде орналастырылмайды.
4.3. Келісім кері қайтарып алынғанға дейін немесе Аккаунт түпкілікті жойылғанға дейін қолданылады; сақталуы заңнамада немесе өзіндік заңды негізде көзделген деректер 8-бөлімнің мерзімдерінде сақталады.
4.4. Келісімді Аккаунттың электрондық пошта мекенжайынан info@ecocashback.kz мекенжайына өтініш жіберу арқылы кері қайтарып алуға болады. Заңнама келісімсіз өңдеуге жол беретін жағдайларды қоспағанда, өңдеу, егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, 15 жұмыс күні ішінде тоқтатылады. Кері қайтарып алу Аккаунтты жоюды талап етпейді және Жою тәртібінің мерзімдері оған қолданылмайды. Деректерді өңдеусіз Платформаны пайдалану мүмкін емес, сондықтан кері қайтарып алынғаннан кейін Аккаунтқа қолжетімділік тоқтатылады.
5. Басқа Пайдаланушылар нені көреді
Орындаушылар жарияланған Өтінімді Тапсырыс берушінің байланыс деректерінсіз көреді; Тапсырыс беруші Ұсыныста Орындаушының атауын, логотипін, өңірлері мен санаттарын көреді. Ұсыныс таңдалғаннан кейін таңдалған Орындаушы Тапсырыс берушінің Өтінімдегі аты немесе атауын, байланысатын тұлғасын, телефонын және мекенжайын, ал Тапсырыс беруші Орындаушының байланысатын тұлғасы мен телефонын алады; қосымша бұл туралы таңдауға дейін ескертеді. Таңдау немесе Өтінім болдырылмаған кезде байланыс деректеріне қолжетімділік тоқтатылады.
6. Қызмет жеткізушілер және шетелге беру
6.1. Біз жеткізушілерге тек олардың функциялары үшін қажетті деректерді береміз:
- Қазақстан Республикасындағы хостинг-провайдер — серверлер және деректерді сақтау;
- Brevo (Еуропа одағының мемлекеттері; жеткізушінің мердігерлері деректерге басқа елдерден, оның ішінде АҚШ пен Үндістаннан қол жеткізуі мүмкін) — жүйелік хаттарды жіберу: алушының мекенжайы, хаттың мазмұны, жеткізу туралы мәліметтер;
- VK WorkSpace (Ресей Федерациясы) — info@ecocashback.kz поштасы: осы мекенжайға жіберілген хаттар, өтініштер және наразылықтар;
- Google және Apple (АҚШ және олардың инфрақұрылымы орналасқан басқа елдер) — Пайдаланушының таңдауы бойынша кіру (идентификатор және электрондық пошта мекенжайы) және хабарламаларды құрылғыларға жеткізу (құрылғы идентификаторы және байланыс деректерінсіз хабарлама мәтіні).
6.2. Жеткізушілер деректердің құпиялылығы мен қорғалуын көздейтін шарттармен тартылады және деректерді сондай-ақ өз шарттарына сәйкес өңдейді. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге беру Пайдаланушының келісімі негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасы сақтала отырып жүзеге асырылады. Дербес деректерді алатын жаңа жеткізушілер және жаңа өңдеу елдері туралы біз Саясаттың жаңа редакциясы арқылы хабарлаймыз.
7. Қазақстанда сақтау және қорғау
Платформаның дербес деректерінің негізгі базасы Қазақстан Республикасының аумағында сақталады; сақтық көшірмелер, олар жасалған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сақталады. Біз деректерді заңсыз қол жеткізуден, өзгертуден, таратудан және құртудан қорғаудың қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдаймыз, оларға қолжетімділікті жұмыс үшін қажет тұлғалар шеңберімен шектейміз және ағып кетулер туралы Пайдаланушыларды және уәкілетті органды заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етеміз.
8. Сақтау мерзімдері
- Аккаунт, профиль, Өтінімдер мен Ұсыныстар деректері — Аккаунт Аккаунтты және дербес деректерді жою тәртібі бойынша жойылғанға дейін;
- құжаттарды қабылдау туралы мәліметтер — Пайдаланушымен қатынастар тоқтатылғаннан (Аккаунт жойылғаннан) кейін 3 жыл;
- шағымдар, наразылықтар және апелляциялар — қарау аяқталғаннан кейін 3 жыл; елеулі бұзушылықтар мен бұғаттаулар туралы мәліметтер — жағдай аяқталғаннан кейін 3 жыл;
- қауіпсіздік журналдары және әкімшілер әрекеттерінің журналдары — 12 ай; сервердің техникалық журналдары — 30 күн; Brevo-дағы хаттарды жіберу журналдары — 1 ай;
- қолдау қызметіне өтініштер — жабылғаннан кейін 12 ай;
- сақтық көшірмелер — 30 күннен аспайды; көшірмеден қалпына келтіру орындалған жоюларды жоққа шығармайды;
- Пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде анықтау мүмкін болмайтын қайтымсыз иесіздендірілген статистика — мерзімсіз.
3 жылдық мерзімдер заңды негіз (келісімді растау, құқықтарды қорғау, дауларды қарау) болған кезде қолданылады және аяқталмаған дау немесе тексеру аяқталғанға дейін ұзартылады. Мұндай мәліметтер дербес деректер болып қала береді және байланыс деректерінсіз және шектеулі қолжетімділікпен бөлек сақталады. Егер заңнамада өзге мерзім белгіленсе, сол мерзім қолданылады.
9. Дербес деректер субъектісінің құқықтары
Пайдаланушы өзінің қандай деректері, қандай мақсатпен және қанша уақыт өңделетінін білуге; оларды өзгертуді және толықтыруды, заң бұзыла отырып өңделген деректерді бұғаттауды немесе құртуды талап етуге; келісімді кері қайтарып алуға; Аккаунтты жоюды сұратуға; Әкімшіліктің әрекеттеріне дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы. Өтініштер info@ecocashback.kz мекенжайына жіберіледі және заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралады. Аккаунттың электрондық поштасына қолжетімділік болмаған кезде Аккаунттың тиесілілігі Платформада бұрыннан бар мәліметтер бойынша, жеке басты куәландыратын құжаттарды сұратпай тексеріледі.
10. Жас, сайт және өзгерістер
Платформа 18 жасқа толған тұлғаларға арналған; 18 жасқа толмаған тұлғаның Аккаунты бұл бізге белгілі болған кезде жойылады. ecocashback.kz сайты жарнаманы, мінез-құлық аналитикасын және бақылаушы cookie пайдаланбайды; браузерде тек таңдалған тіл сақталады, сервердің техникалық журналдары (IP-мекенжай, сұраудың уақыты мен мекенжайы) 8-бөлімнің мерзімінде сақталады. Саясаттың жаңа редакциясы Пайдаланушы келісімінің 7-бөлімінде белгіленген тәртіппен жарияланады және күшіне енеді; егер өзгерістер жаңа келісімді талап етсе, біз оны қосымшада сұраймыз.
11. Деректемелер және байланыс
«EcoCashback» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («EcoCashback» ЖШС), БСН 241240030129
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Чернышевский көшесі, 2-ғимарат, 160800
Телефон: +7 705 484 44 30; электрондық пошта, оның ішінде дербес деректер бойынша өтініштер мен келісімді кері қайтарып алу үшін: info@ecocashback.kz; сайт: https://ecocashback.kz